Торайғыров университетінде Computer Science факультетінің ашылуы шеңберінде Pavlodar Cyber Cup атты киберспорттан облыстық турнир өтті. 

 

Турнирге 191 команда қатысты. Павлодар облысының 1000-ға жуық киберспортшысы бас қосты. Ақтық мәреге 25 команда қатысып, бақтарын сынады.

 

Турнир қорытындысын шығару шарасына облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Тұрсынғалиев және облыстық білім беру басқармасы аймақтық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі Бахтияр Түсіпов арнайы шақырылды.

 

Турнир танымал төрт дисциплина  бойынша өтті. Жалпы жүлде қоры жарты миллион теңгені құрады. Қазақстанның киберспорт федерациясы ұйымдастырушылық және техникалық қолдау көрсетті. Ал «Қазақтелеком» АҚ бас демеуші болды. Ойыншылар pinger.pro және  StudioKZ платформаларында кездесті.

 

CSGO дисциплинасы бойынша финалға шыққан командалар:

1 орын – «ex-PUSH», жүлде қоры 50 000 теңге.

2 орын – «dispa1rs», жүлде қоры 30 000 теңге.

3 орын – «5klawki», жүлде қоры 20 000 теңге.

 

MobileLegends дисциплинасы бойынша финалға шыққан командалар:

1 орын  – «Dead Inside», жүлде қоры 50 000 теңге.

2 орын – «REVENGE», жүлде қоры 30 000 теңге.

3 орын  – «Заповеди», жүлде қоры 20 000 теңге.

 

DOTA2 дисциплинасы бойынша финалға шыққан командалар:

1 орын –  «OutSiders», жүлде қоры  50 000 теңге.

2 орын  – «Sick Of Silence», жүлде қоры  30 000 теңге.

3 орын  – «Not Afraid және Genius», жүлде қоры  20 000 теңге.

 

PubgMobile дисциплинасы бойынша финалға шыққан командалар:

1 орын  – «103», жүлде қоры  30 000 теңге.

2 орын – «RebellioN», жүлде қоры  25000 теңге.

3 орын  – «Switex team», жүлде қоры  20000 теңге.

4 орын  – «KTL Power», жүлде қоры  15000 теңге.

5 орын  – «TeamBear», жүлде қоры  10000 теңге.

6 орын  – «KZPRo», жүлде қоры 5000 теңге.

 

Pavlodar Cyber Cup облыстық турниріне қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!