Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де XIII республикалық студенттік олимпиада аяқталды.

Қазақстан өңірлерінен сегіз команда археология және этнология бойынша бақтарын сынады.

Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері Богдан Капец, Айдана Альмуханова, Маржан Салменова, Галил Каирбаев үздік үштікке енді.

Торайғыров университетінің «Ертіс өңірінің аргонафтары» командасы қауымдастылған профессор Ернұр Рахимовтың жетекшілігімен 2020 жылғы этнографиялық тәжірибенің қорытындыларын ұсынды. Тәжірибе неолит дәуіріне тиесілі Борлы қорымында өтті.

«Борлы қорымының бірегейлігі сол, осы жерде алғашқы жылқылар өсірілген. Олар микролиттер, садақтардың ұштарын, Қазақстан аумағында алғашқы қыш ыдыстар жасаған. Біздің студенттер ежелгі мәдениетті өз көздерімен көріп, жәдігерлерді тапты. Танымал археолог, профессор Виктор Мерцтің жетекшілігімен біз тапсырмаларды орындап, университетіміздің абыройын асқақтаттық», - дейді Ернұр Кендібайұлы.