«Құқықтану» кафедрасының студенттері нағыз іздеушілерге айнала алады. Олар дуалды оқу бойынша Павлодар облысының полиция департаментінде тәжірибеден өтуде.

Қолдың дактилоскопиясын зерттеу, көшірме бедер жасау, заттай айғақтарды тауып, тәркілеу, қарудан шыққан гильзаның уақытын анықтау және т.б. шаралар.
Криминалистер тергеу әрекетінің әр қатысушысына қатысты міндеттерге жекелей тоқталды. Тәжірибелік бөлікте студенттер адам мүрдесі табылған жерде болды. Осылайша, өздерін тергеу-жедел топтың мүшесі ретінде сезінді.