Жастар қолдарына күрек алып, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын көшелерді қардан тазалады.

Олар Мүткенов 3, Целинная 86 және Кисловодская 102/1 мекенжайындағы үйлерді тазалады. Жалғызбасты азаматтар үшін бұл аса қажет көмек.

- Бұл қыста қар көп түсті. Сондықтан, біз әлеуметтік қорғау қызметінен көмекке зәру адамдардың тізімін алдық. Олардың көбі жекеменшік секторда тұрады және аулаларын қардан өздері тазалай алмайды. Осы тектес шараларды қаланың барлық шағын аудандарында қолға алмақпыз, - дейді проректор Ертарғын Шахман.

Еске сала кетейік, университет жанында волонтерлер мектебі бар. «Әлеуметтік студенттік несие» механизмінің көмегімен студенттер ақшалай сыйақы ала алады. Осылайша, қоғамға өз пайдасын тигізеді. Мәселен, балалар үйлері мен қарттар үйлерін қамқорлыққа алған.