Торайғыров университетінің магистранты Андрей Троян – ойындар әзірлеп шығарушы.

Ол логикалық-стратегиялық «Age of Great Nations» ойынын жасап шықты. Ол интернет-браузерде бар, сіз нақты адаммен де, жасанды интеллектпен де ойнай аласыз. Бот алдын-ала белгіленген оқыту алгоритмдерін сақтай отырып, басқа ойыншылардың ойынын талдау арқылы оқытылады. Бұл – оның бірегейлігі.

Ойын үш негізгі бағыттан тұрады: мемлекеттің құрылуы, экономикалық сектордың дамуы және қарсыластарға бағытталған әскери қимылдар. Ойын үлкен сұранысқа ие және көпшілікке танымал.

Торайғыров университетінің Computer Science жаңа факультетінде IT-кеңістік құрылды, онда студенттер өзекті бағыттарда, соның ішінде ойындар мен қосымшаларды әзірлеуде өз таланттарын аша алады және жүзеге асыра алады.

Ойынға сілтеме: https://vk.com/age_of_great_nations