Болашақ психолог Аина Рахаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Жыл волонтері» сыйлығына ие болды.

 

Волонтер жылын жабуға арналған салтанатты шара Мемлекет басшысының қатысуымен бейнеконференция режимінде өтті.

Аина «Білімдерді насихаттауға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша марапатталды.

Аина – «Әлеуметтік-волонтерлік орталығының» үйлестірушісі. Павлодар облысындағы балалар үйлерімен жұмыс істеді.

Волонтерлер бірнеше бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруда: жастарды шет тілдеріне және музыкалық аспаптарды ойнауға үйретеді.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жоба шеңберінде волонтерлер жалғызбасты адамдар мен қарттар үйлеріне көмектесуде.