«ToU ҚҰРАМАСЫ» жайдарман командасы Теміртау қаласында  өткен «Лиги Магнитки» ақтық мәресінде үшінші орынға ие болды.

Үздік мамандар, бишілер мен креативті жастар Айдар Жадриннің жетекшілігімен уақытты бос өткізбей, репетицияларын кез келген жерде өткізді.

Пандемия салдарынан ақтық ойынның уақыты жарты жылға шегерілді.

Жастар жарысқа дайындалу үшін күніне 3-4 сағат бөлген. Жайдарман ойыны тек қазылардың назарына ұсынылды. Көрермендер болған жоқ. Павлодарлық студенттер шығармашылық қасиеттерін паш етіп, алға суырылып шықты. Үшінші орынға ие болып, жүлдегер кубогі мен ақшалай сертификатты жеңіп алды. Жарайсыздар!