Абайдың 175 жылдығына орай Торайғыров университетінде «Құлақтан кіріп бойды алар» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық байқауы өтеді.

Эстрадалық вокал, хор, дәстүрлі ән, аспаптық ансамбльдер, оркестрлер және би аталымдары бойынша өтетін жарыс онлайн форматта ұйымдастырылады.

7-23 жас аралығындағы қатысушылар 20 қарашаға дейін өтініш қалдыра алады. Байқаудың өзі 23 қараша-05 желтоқсан аралығында өтеді.

Жоба бірнеше мемлекет пен аймақтың қатысушыларын бір арнаға тоғыстырмақ.

«Орындаушылық өнер» кафедрасы сарапшыларының айтуынша, өнерпаздар музыкалық форматта Абайдың музыкалық шығармаларын орындайды.