Торайғыров университеті мен ТМД елдерінде техникалық білім беруді дамыту жөніндегі халықаралық қор ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды.

Құжат негізінде еліміздегі университеттердің оқытушылары мен студенттері қатыса алатын ортақ бағдарламалар әзірленіп, жүзеге асырылмақ. Ғылыми-білім беру алмасу аясында олар тағылымдама мен тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары әзірленіп, халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру көзделген.

Өзара келісім бойынша психология және педагогика кафедрасы ынта танытты. Мамандар «Оқыту әдістемесі және студенттерге бағытталған оқыту кезіндегі оқыту әдістемесі» атты 72 сағаттық курсты ұсынды.