Демалыс күндері Торайғыров университеті «La vie добро» ұйымының волонтерлері жағажайды қоқыстан тазартты.

«Эко әдеттерді күнделікті тірлікте де енгізу қажет. Бұл аса маңызды. Мәселен, Камчаткадағы экологиялық ахуалға байланысты біз өз болашағымызға да алаңдай бастадық. Өзіміздің әдеттерімізді өзгертіп, полиэтилен пакеттерін қолдануды тоқтаттық. Дүкенде азық-түлік аларда эко-дорбаларды пайдалана бастадық. Кей белсенділер тұрмыстық қалдықтарды пластик, шыны және қағаз бойынша сұрыптай бастады. Сонымен қатар, қоғамдық жерлер мен көшеге қоқыс тастауды доғардық», – дейді «La vie Добро» волонтерлік жасағының жетекшісі Карина Закарина.

«Бұл менің қоқысым емес, бірақ, Павлодар – менің қалам» ұранымен жастар 40 қап қоқыс жинады.

Еске салайық, сенбіліктер айлығы 9 қазаннан бастап, 9 қарашаға дейін өткізіледі.