«Тарих» мамандығы бойынша Абай мұрасына арналған республикалық пәндік олимпиадасы үш кезең бойынша өтті.

Сегіз жоғары оқу орнының студенттері ойшылдың шығармашылығы бойынша пікірлерін білдірді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Күлтегін» командасы бас жүлдеге ие болды.

Мади Рахимовтың жетекшілігімен Торайғыров университетінің

«Ertis generation» құрамасы жеңімпаз атанды. Жастар Абайдың өмірлік ұстанымдарын бүгінгі өмірде енгізуді ұсынды.

«Сөзден іске мән беру. Заттарға тәуелді болмай, еркін болу. Еңбек етіп, даму қажет. Осы және өзге де ұстанымдар қазіргі заман жастарының өмірлік қағидаттарына айналады деген үміттеміз», - дейді команда капитаны Лунара Кубеева

Қазылар алқасының пікірінше, күміс жүлдеге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастарының «Абадан» және Е. А. Бөкетов атындағы «Бөкетов жастары" құрамасы ие болды.

Үшінші орынды М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Ақжайық жастары» және Шәкәрім университетінің «Шәкәрім тұлпарлары» командалары өзара бөлісті.