Enactus резиденттері мен стартап академиясының менеджерлері Рустам Қабден, Қалиасқар және Гүлдана Теміршотстартап-жобаларын дамытуға үш мың доллар ұтып алды.

Жастар республикалық Student Energy Challenge-2020 республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды.

Торайғыров университетінің командасы байқауға AirFlux инновациялық бактерицидті желдеткішті ұсынды.

Ағынды-сорғылы желдету қабырғаға орнатылады. Сүзгі мен бактерицидті шаммен жабдықталған, оның арқасында шаң, тозаңдар, аллергендер мен өзге де микроағзалардың кіріп кетуіне жол бермейді. Қыздырғыш кабельдің көмегімен құрылғыны қысқы уақытта да пайдалануға болады. Құрал энергияүнемдегіш сипатқа ие.

Жоба авторларының айтуынша, желдеткіш шетелдік аналогтарына қарағанда 2-3 есе арзан. Құралдың бағасы - 60 мың теңге, ал өзгелердің бағасы - 300 мың теңге.

Команда үш мың долларды жаңа құралдарды жинауға қажет шикізаттарды сатып алуға жұмсамақ. Сонымен қатар, өнертабысты таратуға бағыттамақ.

Бұған дейін аталған жоба бірқатар байқаулар мен бағдарламаларға қатысқан. Атап айтқанда, GreenTechnologies байқауының жеңімпаздары, Seedstars әлемдік акселератордың түлектері, Ғылым қорының алғашқы акселерациялық бағдарламасының қатысушылары, Covid-19-бен күрес жөніндегі әлемдік байқаудың финалистері және Enactus Kazakhstan 2020 конкурсының чемпиондары.