Идея авторлары, әскери кафедра бастығының орынбасары Теміржан Қарбаев пен Phd докторы Аида Омарова медициналық жұмыскерлердің талаптарына сай костюмдер, бетперделер мен арнайы киімдердің модельдерін әзірледі.

Костюмдер су өткізбейтін материалдан жасалған. Маскаларды кигенде бет терлемейді және адамның демалуына кедергі келтірмейді.

Мамандар өндірісте термопластикалық полиэфир негізіндегі ресейлік ПЭТ-пластикті қолданады. Олар беттің формасы бойынша жасалып, вирустың кіріп кетпеуін қамтамасыз етеді. Жиынтықта көзілдірік+маска+респиратор бар.

Қазіргі уақытта бір айда бес мың қорғаныш құралы жасалады. Тапсырыстар болған жағдайда, цехтың өндірістік қуаттылығы 100 мың данаға дейін жетеді.

Бір костюмнің бағасы - тоғыз мың теңге. Қорғаныш құралдары бетпердеге сертификат алынғанда сатылымға шығарылады. Комбинезондар сертификатталған.