Торайғыров университетінде кез келген ғимарат ішінде ауаны зарарсыздандыру мәселесі бактерицидті шамдардың көмегімен шешімін табуда.

Құралдардың бірі ғимарат ішінде адамдар жүрген кезде де ауаны зарарсыздандыра алады.  Құрал «антивирусты шам» деп аталады. Тағы бір құрал гаджеттер, сағаттар, бижутерия сияқты ұсақ заттар мен кез келген сыртқы қабаты мобильді дезинфектордың көмегімен дезинфекциялайды. Мәселен, такси салоны, кеңседегі жұмыс үстелінің үсті мен балалар ойыншықтары.

Жоба авторы - «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Александр Нефтисов.

- Емханаларда ғимаратты зарарсыздандыру үшін кварц қолданылады, бірақ, сол сәтте адамдар болмауы керек. Ал ғимараттың ішін желдету керек. Біздің антивирусты шамдарымыздың құрамында бактерицидті шамдар бар. Олардың увиолды шынысы бар. Шыны ультракүлгін сәулелерді өткізеді, бірақ, спектрдің озон қабатын түзуші бөлігін тоқтатады. Сонымен қатар, ауаны рециркуляциялау қызметі бар. Сондықтан, адамдарға зияны болмайды», - дейді Александр Нефтисов.

Жоба авторының айтуынша, антивирусты шамдар бизнеске пандемия кезінде жұмыс істеуді жалғастыруға көмектеседі.

Мәселен, Batyr mall сауда-сауық орталығы үшін бактерицидті шамдардың көмегімен эскалаторлардың ұстағыштарын зарарсыздандыру мәселе шешімін тапты.