Павлодар облысының әкімдігі мен Торайғыров университеті үш күндік онлайн-хакатонның өтуіне мұрындық болды.

Айтимамандар, дизайнерлер мен түрлі дағдылар жөніндегі мамандардан құралған 6 команда 72 сағаттың ішінде коронавирус пандемиясы кезінде пайда болған мәселелерді шешу мақсатында цифрлық сервистердің жұмысқа жарамды прототиптерін жасайды.

Қатысушылар телемедицина, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту сервистері, сервистік экономиканы дамыту, әлеуметтік оқшауланумен күресу, қызметтік қызметтерді цифрландыру, оқудың альтернативті ортасы, әлеуметтік әлжуаз топтарды қорғау және басқа да салалардағы бірқатар бастамалардың аясын кеңейтіп, қарастырады.

Командалар  адамдар дәрі-дәрмекті тез табу үшін  онлайн дәріхана құруды ұсынды. Сонымен қатар, анықтама жасауды ұсынды. Және де чат-боттар мен машиналық оқудың көмегімен алдын ала диагноз құруды қарастырды.  Ал арнайы сервис волонтёрлер мен көмекке мұқтаж адамдарды біріктіреді.

«DocBot» жобасы жеңімпаз атанды. Telegram Bot ауруларды онлайн диагностикалауға арналған және қала дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің болуы туралы өзекті ақпарат алуға арналған.

Жобаның негізгі артықшылықтары Mashine Learning құралын жүзеге асырудағы қолдану болып табылады. Машиналық оқыту модельдері 130-дан астам аурулардың түрлі белгілерін сараптап, 40-тан астам ауруға диагностика жасауға мүмкіндік береді.

«Терең аса нақты нейронды желі (ResNet50) адам денесіндегі жеті меңнің біреуі арқылы тері аурулары туралы ескерте алады. Машиналық оқытудың осы түрі жүйеде 10 000-нан астам мүмкін нұсқа бойынша сараптама жасай алады», – дейді Даниил Орел.