Торайғыров университетінің студенті Мунира Тұрлыбекова «Мәдениеттану» бағыты бойынша республикалық ғылыми-зерттеу байқауында екінші орынға ие болды.

«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салтанат Әубәкірованың жетекшілігімен Мунира өз университетінің жас ақындарының еңбектері мен идеяларын сараптады.

Зерттеуге арналған материалдар ретінде Ертіс өңірінің шығармалары пайдаланылды.