Торайғыров университетінің өнертапқыштар Асылхан Маздубай мен Руслан Мұқанов электр катамаран идеясын жүзеге асыруда.

Университет аумағында шағын өндіріс алаңы пайда болды. Осы тектес орын ешқайда жоқ.

Шағын катерді су қоймаларын қоқыстан тазартуға да қолдануға болады. Оның ерекшелігі – өзіндік құнының арзандығы, жоғары тиімділік пен қарапайымдылығында.

Шағын катер суда серуендеуге мүмкіндік  беретін такси қызметін атқара алады.

«Бүгінде балық аулаушылар тарапынан шағын су көліктеріне, ал туристер тарапынан Ертістің бойымен және ерекше қорғаудағы су қоймаларында серуендеуге арналған таксиге сұраныс жоғары», – дейді Асылхан Маздубай.

Миникатер жұмысында баламалы энергия көздері мен гибридті қозғалтқыш пайдаланылады.

Электр катамаран 20 адамға шақталған және ағынға қарсы сағатына 15 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүзе алады.