«ХХ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясын сырттай форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың 10 - 30 сәуірі аралығында секциялық отырыстардың модераторлары тіркеу кезінде баяндама жасайтындарын көрсеткен қатысушылардың мақалаларына баға береді.

Секциялық отырыстардың қорытындысы 15 мамырға дейін жарияланады.

Жинақтардың электрондық нұсқалары QR коды бойынша жүктеу арқылы және университеттің басты бетінде www.psu.kz сілтемесі бойынша қолжетімді болады.