Торайғыров университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай - дана, Абай - дара қазақта» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Жастар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы негізінде қойылып әзірлеп, «Торы Жорға» күйін орындады. Қара сөздерді алты тілде мәнерлеп оқыды. Абайдың қара сөздері моңғол, қытай және түрік тілдерінде ұсынылды.

«Абай Фердоуси, Әлішер Науаидің рухина ойын дамытып, шығыс әдебиетінің жалғастырушысы болды. Абай бай әдеби мұрасымен қатар келер ұрпаққа күйлерін де қалдырды», - дейді кітапханашы Әлия Рүстемова.