Гүлнар Шамшудинова, Айгүл Тұрлыбекова және Мейрамгүл Алтыбасарова республикалық байқаудың «Қазақстанның құрметті профессоры» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

«Білім өркениеті» ұлттық орталығы ұйымдастырған байқауға Қазақстан университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамдары мен іріктеуден өткен мектеп мұғалімдері қатысты.

Бағалаудың басты критерийі – Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дамыту.