Торайғыров университеті агротехнологиялық факультетінің студенттері мен оқытушылары ауаның сапасын жақсарту мақсатында корпусты жасылдандыру үшін 60-қа жуық бөлме өсімдігін әкелді.

Жасыл коллекцияға ауаны тазартатын гүлдер қосылды: хлорффитум, традесканция, спатифиллум, сансевьерия, бегония, фикус, эухарис.

Бұл акцияға экологиялық мектеп те үн қосты. Оқушылар панданус, панкрациум, солеройлий, сциндапсус түріндегі отырғызу материалдарын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экологиялық қозғалыс шағын болса да, білім алушылардың экологиялық мәдениетін өсіруге септігін тигізеді. Жастар экологиялық қозғалысты дамыту арқылы «жасыл фабриканы» құрады.

«Агротехнология» кафедрасының аға оқытушысы Оксана Ермакова заманауи жиһаздың басым бөлігі формальдегид атты токсин бөледі. Ал өсімдіктер зиянды заттардан қорғайды.