Қымыз, құрт және бәйшешек - 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту мерекесінің дәстүрлі символдары.

Бұл мерекеде қиын-қыстау заманда өзгелерге пана болған қазақ халқына алғыс айтылады.

Жарқын мейрам қарсаңында Торайғыров университетінің студенттері Наурыз көже әзірлеуден жарысқа түсті. Олар ортақ дастархандағы жеті түрлі дәмнен ас әзірледі.

Қонақтар мен ақсақалдар ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға физика-математика және энергетика факультеті ие болды. Екінші орын агротехнологиялық факультетінің студенттеріне бұйырды. Ал үшінші орынды сәулет-құрылыс факультетінің жастары місе тұтты.