Торайғыров университетінің студенттері «Student and Science: vision of the future» республикалық конференцияда жеңімпаз атанды.

Жоғары оқу орнының намысын болашақ психологтар, мәдениеттанушылар мен өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығының иелері Расул Қабдрахманов, Лана Муслимова және Мунира Тұрлыбек қорғады.

Қазақстандық және шетелдік оқу орындарының 200 тілдік емес мамандық студенті сегіз бағыт бойынша француз, ағылшын және неміс тілдерінде күштерін сынады.

Байқау қорытындысы бойынша Расул Қабдрахманов наркобизнестің тиімділігі мәселесін қозғап, үздік атанды. Ол Еуропа және ТМД елдерінің даркнеттің танымалдығы мен тауар айналымын салыстырып, ТМД бұл ағынға күнбе күн кіреді деген қорытындыға келді. «Еуропада ол танымал емес. 2018 жылы Global Drug survey мәліметтері бойынша АҚШ-та даркнетте бір рет болсын тауар сатып алғандардың үлесі 12%-ды, Ұлыбританияда - 28%, ал Финляндияда 48%-ды құрайды» - дейді студент.

Лана Муслимова интернеттегі комментарийлерді зерттеп, олардың лингвистикаға әсерін қарастырды, Нәтиже - екінші орын.