С. Торайғыров атындағы ПМУ-де әзіл фестиваліне төрт команда жиналды. «Да угараю», «Потолок», «667» және «Jackpot» құрамалары тапқырлықтарын көрсетті.

Ойыншылардың қатарында кәсіпқой әзілкештер мен жаңадан келген студенттер болды.

Зал толық жиналып, қатысушылардың өнері жиналғандардың қошеметіне ие болды.

Бұл - көңілділер мен тапқырлар ойындары сұранысқа ие деген сөз. Осы жолы кубок «Jackpot» жастарына бұйырды.

Мистер КТК - «Да угараю» тобындағы Арслан.

Мисс КТК – «Потолок» тобының ойыншысы Лана.