«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Мырзабек Сұлтанбеков байланыс саласындағы көп жылғы еңбегі үшін «Қадыр Тортаев» төсбелгісімен марапатталды.

1973-1999 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында Мырзабек Сұлтанбековтің жетекшілігімен желілік және кабельді нысандар (600 шақырым) салынып, қолданысқа берілді. Байланыс жүйелері автоматтандырылып (10 станция) 11 АТС кеңейтілді. Сонымен қатар, 2000-нан астам номер орнатылды.

Сонымен қатар, ШҚР Шар қаласында аудандық байланыс торабының ғимараты салынып, іске қосылды. Байланыс саласының қызметкерлері үшін 22 тұрғын үй пәтері салынды.

Шар аудандық байланыс торабы облыстағы байланыс кәсіпорындары арасында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.