Торайғыров университетінде спорттың жеті түрі бойынша жарыстар өтті.

Шаралар 400 қатысушының басын қосты.

Барлық кезең қорытындылары бойынша физика-математика факультеті үздік атанды.

Энергетика факультетінің спортшылары теннисте дес бермей, екінші орынға ие болды.

Үздік үштікті агротехнологиялық факультет түйіндеді.

Ал машина жасау факультетінің спортшылары волейболдан жеңіске жетті.