Торайғыров университетінде спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысы қайта жанданды.

Ұжымдық келісімшартқа сәйкес енді қызметкерлер жұмыс уақытында спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие.

Спортсүйер қауым үшін фитобар, жаттығу залы, бассейн, бильярд және сауна қолжетімді.

Топтық және жеке жаттығулар қолжетімді. Оған жаттықтырушылық құрам жетекшілік етеді.

Жеңілдіктер де қарастырылған.

Университет қонақтары көлік тұрағының аумағын кеңейтіп, қосымша жаттығу құралдарын орнатуға ұсыныс білдірді. Ал әйелдер қауымы йога, зумба және аквааэробиканы да қолға алуға ұсыныс тастады.