ToU әлемдегі экологиялық оқу орындары рейтингіне еніп, 302-ші орынға ие болды. Ал отандық ЖОО арасында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен кейін екінші орында тұр.

UI Green Metrics World University Ranking – жоғары оқу орындарының экологиялық жаһандық рейтингі, рейтингті 2010 жылдан бері Индонезия университеті жасайды.

2019 жылы 83 елдің 780 университеті қатысты. Бағалау барысында энергияны тұтыну, кампуста қағаз бен пластикті қолдануды қысқарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, оқу орны траекториясында көлікті қолдану және т.б. әрекеттер ескеріледі