ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен комиссия С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Мейрам Мұхаметрақымұлы Бегентаевты тағайындауға ұсынды.

Жоғары оқу орнының бірінші жетекшісін ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Ержан Іргебаев таныстырды.

Мейрам Мұхаметрақымұлы әр жылдары жауапты жетекшілік лауазымдарда қызмет етті. С. Торайғыров атындағы ПМУ стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2012-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол, сонымен қатар, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының міндетін атқарды.

Ержан Іргебаев университеттің даму бағдарламасы және алдағы уақытқа межеленген мақсаттары еліміздегі оқу орындарына үлгі екенін айтты.