«La vie Добро» еріктілері екі оқу корпусында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, 90 мың теңге жинады.

Кез келген адам «Аяз Атаға» айналып, хатта жазылған тілекті орындай алды.

Нәтижесінде жастар қиын жағдайға тап болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қорғау орталығының 48 баласының арманын орындады.

Биология және экология кафе оқытушылары «Ашық жүректер» қоғамдық қорымен бірлесіп 223 сыйлық дайындады. Олар, сонымен қатар, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушыларына мерекелік шырша ұйымдастырды.

Философия және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасы тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығында болды. «Аялы алақан» жобасы кафедрада еріктілер қозғалысын дамытуды көздейді.