Жыл соңы табысқа толы. Мал шаруашылығы саласында «Победа» ЖШС-і алда. Қожалық бір жылда әр сиырдан орташа есеппен 6000 литр сүт алды.

Бұл мамандар мен жетекшіліктің ортақ еңбегі.

Торайғыров университеті агротехнологиялық факультетінің ғалымдары да өз үлестерін қосты. Мамандар ірі қараны қоректендіру және өсіру бойынша көмек көрсетті.

«Победа» ЖШС-де дуалды оқытудың орталығы бар. Студенттер тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие.

Торайғыров университеті жаңашыл білімдерді таратумен қатар, бұл бағытта инновациялық қызметке де басымдық берген. Оқу орны бизнес ортамен тығыз қарым-қатынаста.

АӨК саласындағы ғылым және өндірістің интеграциясында "Победа" ЖШС-мен әріптестік орнаған.