Бірнеше шетелдік сарапшы университет студенттеріне дәріс оқуда. Әулие Климент Орхидский София университетінің (Болгария) PhD докторы,

профессор Татьяна Дронзина гуманитарлық-педагогикалық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттарына 72 сағаттық шеберлік сағаттарын өткізді.

«2020 жылдан бері Қазақстанда медиация бойынша жұмыс істеп келемін. Сол сәтте мамандар аз болатын, білікті мамандар шет елдерден келетін. Бүгінде медиаторлардың толқыны пайда болды деп ауыз толтырып айтуға болады. Бастапқыда бұл құбылыс бойынша түсінбеушіліктер болды. Медиация - қоғамдағы мәселелерді шешудің тиімді кілті», – дейді Т. Дронзина.

Ал Неофит Рильский Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры Митко Стоев электротехника, автоматизация, электроэнергетика, жылу энергетикасы кафедраларының студенттеріне жасыл энергетика тақырыбында дәріс оқыды.

Болашақ сәулетшілер, дизайнерлер мен көлік саласының мамандары Мадрид (Испания) политехникалық университетінің сарапшысы Игнасио Менендес, Алтай мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының докторы Роман Яковлев және «Anwar Babel Automobile» (Ирак) автомобиль сауда-сервистік компаниясының маманы Аббас Вахид Дахамнан дәріс алды.