«Берегиня БИО» қоғамдық бірлестігінің Татьяна Пономорёва университетте өткен кезлесуде ғалымдар мен студенттерді аймақты көгалдандыруға шақырды.

Шара барысында жасыл зона, «Қаз Қонақ», бақшашыларды оқыту курстары тақырыптары бойынша әңгіме қозғалды. Апатты жағдайдағы ағаштардың жағдайы да сөз қозғалды. Бір ағаштың салмағы жазғы уақытта алты тоннаға жетеді.

«Әр тұрғынға жасыл аймақтың 9,2 шаршы метрден келеді. Біздегі көрсеткіш 1,5 есеге аз. Демек, бізге тағы жеті саябақ керек немесе аумағы 30 шаршы метрден 100 метрге дейін сквер қажет. Сараптама нәтижесінде бізде бірде бір саябақ жоқ екені анықталды, себебі, бір парктің аумағы 15 гектарды құру керек. Бір гектарға 200 ағаштан келу керек. Мәселен, Гагарин паркінің аумағы 12 гектарды құрайды», - дейді Т. Пономорева.