Toraighyrov University ректораты мен білім және ғылым саласы қызметкерлері қазақстандық салалаық кәсіби ұйымының Павлодар облыстық ұйымы арасында әлеуметтік серіктестік жөннідегі келісімшартқа қол қойды.

Салтанатты шараға білім жәре ғылым жұмыскерлері салалық кәсіби одағының облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева, білім және ғыоым жұмыскерлері қазақстандық салалық кәсіби одағының төрайымы Айгүл Мұқашева және аймақтық кәсіподақ орталығының төрайымы Динара Айтжанова қатысты. жаңа ұжымдық келісімшарт көп талқыланған болатын. Пікірталастардың нәтижесінде мамандар бір мәмілеге келді.

Оқу орнының жетекшісі Мейрам Бегентаев жаңа құжаттағы өзгертулер үш бастамаға негізделеді. Енді дене шынықтыру және спортпен жұмыс уақытында айналысуға мүмкіндік туды. Әр қызметкре мен оқытушы спортқа көңіл бөле алады. Сонымен қатар, апта бойы төрт сағатын еріктілер жұмысына арнайы алады.

Құжаттағы тағы бір аспект жетекшілік, декандар мен бастықтарға қатысты болды. Енді бұл лауазымдағы мамандар міндетті түрде еріктілікпен айналысу қажет. Жылына кем дегенде төрт акция мен шара өткізу керек. Төрт және одан да көп баласы бар және 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелдерге қосымша ақылы демалыс қарастырылған.