«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің пилоттық жобасы шеңберінде Toraighyrov University-де шеберлік сағаттары өтті.

Осы жылдың жазында бизнес-жаттықтырушылар ToU оқытушылары үшін интенсив-курстарын өткізген болатын. Енді олар алған білімдерін жоғары курс студенттерімен бөлісті.

2000-нан астам студент кәсіпкерлікті жүргізу, маркетинг және салық салу режимдері бойынша дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, 300-ге жуық бизнес-жоба әзірленді.

Оқы курстары аяқталған соң жастар түрлі конкурстарға қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды.