Golden Voice байқауының ақтық мәресінде үздік тоғыз әнші кездесті.

Ариана Гранде, Фреди Меркури, Рэй Чарльз және өзге де жарқын образдар көрермендерді таң қалдырды. Шоу-бағдарламада әлемдік хиттер орындалды. Шараға қатысу көптеген әнші үшін дебютке айналды.

Көпермендер онлайн дауыс берудің көмегімен жеңімпаздарды анықтап жатқанда, жүргізуші мен қазылар алқасы демеушілер тіккен сыйлықтарды таратты: киім-кешек, суши, дәмді кофе және тағы басқа тартулар.

Марув образын сомдаған Томирис Алиханова бірінші орынға дайық деп танылды.

Екінші орынға Сандуғаш Андасбек ие болды.

"Айта берсін" әнін орындаған Армангүл Монхбат үшінші орында місе тұтты.

ТоU байқауының ұйымдастырушылары - Event&Promotion.