Естелік ұрпақтар сабақтастығының белгісі. Қаланың ғылыми қауымдастығы, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, әскерилер, студенттер мен оқушылар Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Игі шара Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен жерлесіміздің 100 жылдығына орайластырылды. Жұртшылық алдында сөз алған облыс әкімі Болат Бақауов Қанаш Қамзиндей батыр ұлдарды құрмет тұту керектігін тілге тиек етті.

"Оның саналы ғұмыры - өскелең ұрпаққа үлгі. Қанаш Қамзин Отанға деген махаббат, патриотизм мен ерліктің белгісі екені сөзсіз. Біз батыр-жерлесімізді мақтан етеміз", - дейді аймақ басшысы.

Жиналған қауым батырдың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікте болды. Еске алу вахтасына орай облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының шәкірттері өткізетін болады.