Toraighyrov University магистранттары И. И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінде өткен жалпыресейлік байқауда инновациялық өнімдерін таныстырды.

Дұрыс тамақтану, пайда және түрлі үйлесімдер - дәмді тағамдардың жаңа түрін әзірлеудегі баста принциптер.

1 орын. Магистрант Юлия Бабец "Ең бірегей биоөнім" - балдырлар қосылған кекстер тағамын ұсынды. Бұл функционалды тамақтану үшін нан-тоқаш өнімдерінің жаңа түрі.

Магистрант Малейка Бестиеваның ешкі сүті негізінде жеміс қосылған десерт «Үздік биоөнім» атанып, екінші орынға ие болды.

Махаббат Жолдасова "Дәмді және пайдалы" аталымы бойынша балаларға арналған биоөнімі үшін үшінші орынға ие болды. Магистранттың айтуынша, осы тектес өнімнің ұқсас тағамдары жоқ және жасанды тамақтанудағы балаларға пайдалы.