Алматы қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік саласына орай өткен фестивальдің ең танымал бағыты, ол - экология.

Шараға қатысқан 800 оқушы, студент пен кәсіпкерлер қоршаған ортаның жағдайын жақсарту турасындағы идеяларымен бөлісті.

Қыста суық, ал жылытқышты қосу қымбат па? Рустам Қабден мен Toraighyrov University командасы ауа сорғыш пен жылытқыш қызметін бірдей атқаратын аспап жасап шығаруды ұсынды. Жаңа өнертабысқа «InFlux» атауы берілді. Енді жылытуға кететін шығынды 50%-ға үнемдеуге болады.

«Менің медициналық білімім бар. Құрылыс материалдары саласында жұмыс істедім. Қазақстан облыстарында ауаның ластану мәселесі өткір тұр. Бұл құрылғының көмегімен тұрғындардың өмір сүруын жақсартамыз деген ойдамын», - дейді International Startup Academy бизнес-ассистенті және Enactus Project басшысы Р. Қабден.

Жеңімпаздар қатарында жапырақтардан қағаз шығару, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті театр жобалары бар.