Toraighyrov University шет тілдері кафедрасының оқытушысы Махаббат Байтемірова АҚШ-та үш апта оқып келді.

Бағдарлама құрамында жоғары оқу орындарында интернационалдандыру крустары, шет тілдерін оқытудағы ІТ-технологиялар және әлеуметтік жобалардың әдістері.

Бағдарламаны Индиана штатындағы Пердье университетінің сарапшылар ыжүргізді. Жаңа теориялық білімдер тәжірибе жүзінде ебкітілді. Мәселен, әлеуметтік жобалар жөніндегі дәрістен соң қатысушылар босқындар мен қоныс аударушыларды қолдау орталығында болды.

Бұл жерде орталықтың жұмысымен танысты, Махаббат Бейтемірова өзінің саяхатын Вашингтоннан бастап, EFL тіл бағдарламасының 50 жылдығының аталып өту шараларына қатысты.

Еске салсақ, бағдарлама шеңберіндегі сапарды АҚШ Мемдепартаменті мәдениет және білім беру істері департаментінің тілдер бағдарламалар кеңсесі қолдап, демеушілік етті.