Бүгін т.ғ.к. профессор Раиса Мұхаметжарқызы Мұстафина мерейтойын атап өтуде.

Болашақ профессор университетпен 1967 жылы танысты. Сол кезде ол Павлодар индустриалды институтының студенті атанып, «Қалалар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алды.

«Оқу орнына түскен кезде индустриалды инстутттың ашылғанына жеті жыл боды. Біз оқу орнының аяққа тұрып жатқанын сездік. Оқытушыларымыщ жоғары білікті кәсіби мамандар болды. Олардың басым бөлігі Одақтың үздік оқу орындарын тәмамдаған. Кейін Мәскеу Авиация Институтының аспирантурасында оқып жүргенде маған алған білімім аз болғандай күй кештім», – дейді Раиса Мұхаметжарқызы.

Р. Мұстафина электроника кафедрасының ассистентінен ғылыми кеңестің құрметті хатшысы, кәсіби одақтың төрайымы және ПМУ ардагерлер кеңесінің төрайымы қызметтеріне ие болды.

«Мен өз студенттерімді мақтан етемін. Олар менен кем түспес, тіпті, асып түсті. Бұл - зор қуаныш», – дейді Р. Мұстафина.