"Волонтёр-2020" облыстық жұмыс саммитінде қатысушы командалар идеяларын ортаға салып, еріктілер қозғалысының мәселелерін талқылап, жоспарлары мен жаңа жобаларын нақтылады.

Студенттерді еріктілікке қалай тарту? Университет жанындағы еріктілер мектебінің жастары жеті мотивацияны айтты. Олардың ішінде саяхаттау, командадағы жұмыс, жеке даму және рухани баю.

Университет қызметкерлері жұмыс уақытында аптасына төрт сағат еріктілікпен айналысады.

Ректор, проректорлар, декандар мен кафедра меңгерушілері де бұл бастамадан алшақ болмайды. Олар жылына кем дегенде төрт акция мен шара өткізу керек.

Не үшін? Бір себебі- әкімшілік-басқарушылық қызметте болу. Енді әр қайырымды іс бағаланады. Бұл қызметке тұрарда еріктілік қызмет маңызды болмақ.

Айта кетейік, қызметкерлерге жұмыс уақытында спортпен айналысу мүмкіндігі берілді.