Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенттері Павлодар облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарын қамқорлыққа алды.

Жастар ғимараттың айналасын жинап, концерттік бағдарлама әзірледі.

Студенттер гитарада ойнап, ән шырқады.

Қариялар дастархан басына жиналып, жастық шақтарын еске алды.

Би кешіне да қатысып, көңіл көтерді. Құқықтану кафедрасының оқытушылары да шетте қалмады. Олар қарттарға әлеуметтік және құқықтық сұрақтар бойынша мәлімет берді.

Факультет студенттері қарттарға мереке кезінде ғана емес, әрдайым қамқор болуға шақырды.