2013 жылдың 28 мамырында Павлодар мемлекеттік университеті күніне орай «ЖОО және кәсіпорын арасындағы сабақтастық – жоғары деңгейдегі мамандарды даярлаудың кепілі».

Іс-шараның ұйымдастырушысы – С.Торайғыров ПМУ-дың Металлургия машинажасау және көлік факультеті.

Дөңгелек үстелді ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Оқу жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер іс-шара қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сөз сөйледі. Өз сөзінде Нелли Эмилевна: «Қазіргі заманның талабы – мамандар даярлауына көзқарасты өзгерту. Бүгінгі таңда біздің мемлекетімізде мамандардың практикалық даярлау жүйесіне көп назар аударылады. Онсыз бізге әлемдік еңбек нарығына кіруге киыншылық туындайды»,- деп мәлімдеді.

Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысының ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысқан. Солардың ішінде «КЭЗ» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Павлодар Мұнай-химиялық зауыты» АҚ. Олармен бірге оқу жүйесінің жаңа бағыттары мен қағидаттары, ПМУ түлектерін жұмысқа орналастыру, өндіріс практикадан өтуі және өзге де мәселелер қарастырылған.

Металлургия машинажасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағановтың айтуы бойынша, дуалдық оқыту қадрлар даярлау ісінде ең тиімді және сенімді болып табылады. ЖОО мен кәсіпорын арасындағы сабақтастық өндірістің жоғары дәрежелі нақты талабын орындайды.