С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ., Ресей Федарациясы) өткен Азиялық университеттер қауымдастығының Құрылтай съезіне белсенді қатысты.

Халықаралық жобаның ұйымдастырушылары: РФ Сыртқы істер министрлігі, РФ Білім және ғалым министрлігі, Алтай өлкесінің әкімшілігі және өзге де мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар.

Құрылтайға қатысушылардың арнайы құрылтайшылық құжатына қол коюы аталмыш іс-шараның басты оқиғасы болып табылды.

Құрылтайшылық құжатына Армения, Қазақстан Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікістан және Тайланд елдерінің 27 жоғары оқу орындарының өкілдері қол қойды. Содан кейін Азиялық университеттер қауымдастығы ресми түрде күшіне енді.

Құрылтай съезінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілі, ПМУ-дың ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержановтың айтуы бойынша, Азиялық университеттер қауымдастығы ЖОО арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, Құрылтай съезінің барысында қауымдастықтың тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттайтын «Азиялық университеттер қауымдастығы» атты журнал басылып шығарылады деген шешім қабылданды.