Университет күні мерекесінің аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Екібастұз қаласының мектеп түлектеріне арналған «Ашық есіктер күні» атты көшпелі салтанатты іс-шараны өткізді.

Іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Оқу жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер ПМУ-дың әкімшілігі және профессорлық-оқытушылар құрамының атынан Павлодар өңірінің ең ірі ЖОО-ның бірі – Павлодар мемлекеттік университеті туралы баяндамасын ұсынды.

Университеттің «Ашық есік күніне» Екібастұздың 425 адам, олардың ішінде болашақ мектеп түлектері, ата-аналары, мектеп директорлары және ұстаздары, Екібастұз қаласының білім беру бөлімдерінің өкілдері қатысқан.

Сонымен қатар Екібастұз қаласына келген әкімшілік құрамында ПМУ факультеттерінің декандары және факультет өкілдері болды. Атап айтсақ, Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин, Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров, Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қанат Ахметов, Тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев, Агротехнологиялық факультетінің деканы, а.-ш.ғ.д., профессор Тоқтар Бексейтов, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, ф.-м.ғ.к., доцент Нұрлыбек Испулов, «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина, Шетел тілдерінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Бейбітнұр Жұмабекова.

Аталмыш кездесу барысында мектеп оқушыларына ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар ұсынылып, кеңес берілді.

Іс-шара барысында ПМУ-дың ғылыми-зерттеу, мәдени және қоғамдық өмір ерекшеліктерімен Екібастұз қаласының биылғы жылғы түлектеріне Тарих және құқық факультетінің деканы Арман Әкішев, «Foundation» факультетінің деканы Айжан Кудерина таныстырды.

Мектеп оқушыларының назарына университеттің Студенттік филармониясының дарынды орындаушылары өз өнерлерін көрсетті.