2013 жылдың 23 мамырында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жастар және ғалым: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты дөңгелек үстел Павлодар облысының жас ғалымдар қатысуымен өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – жастардың ғылыми жобалар дамуындағы атқарған рөлі. Дөңгелек үстел барысында отандық ғылымның әртүрлі саласындағы мәселелерді қарастыру, ғылыми-зерттеу бағытында жастарға көмек көрсету мәселесі талқыланды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі.

Дөңгелек үстелде жиналған жас ғалымдар аймағымыздың ғана емес, Республикамыздың индустриалдық шамасын арттыру жайында сөз қозғады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Людмила Царенко қазіргі таңда ғалым саласында түбегейлі өзгерістер енгізетін кез келді деген сөзімен басталған өз баяндамасын дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына ұсынды.