2013 жылдың 20 мамырында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында ПМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері белгілі қазақстандық режиссері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Сләмбек Тәуекелмен кездесті.

Режиссер Сләмбек Тәуекелдің келуі Павлодар облысында өткізіліп жатқан «Қазақстандық киносының күндері» аясында өтті. Кездесу барысында режиссердің ең танымал шығармашылық жұмыстарының бірі, «Батыр Баян» атты фильм (1993) жиналған оқытушылар мен студенттердің назарына ұсынылды.

Павлодар университетінде өткен кездесуде Сләмбек Тілеуғабылұлы «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың құрметті профессоры» атты атағына ие болды.

Сләмбек Тәуекел қазақстандық киносының алтын қорына кірген «Махамбет» (2008), «Ата-Жұрт» (2010), «Меч Махамбета» (2006) кинофильмдердің, сонымен қатар, «Жерұйық» (2011) драманың, «Здравствуй, Наурыз!» (1991), «Потерянный край» (1992), «Гимн юрте» (1991), «Наурыз» (1997), «Асанали» (1998), «Бір бала» (2004) деген деректі фильмдердің қоюшы-режиссері болып табылады.

Танымал режиссер «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған (1978), «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері (2008). Қазақстан Кинематографшылар одағының мүшесі және хатшысы (1973).

Сләмбек Тілеуғабылұлы басқарған делегацияның мүшелері: қазақтың белгілі кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Болат Әбділманов, белгілі кинотанушы, сыншы, кино тарихы мен теориясының маманы Бауыржан Нөгербек, белгілі қоғам қайраткері Ғабдынасыр Әбділманов.

Киноөнерінің қас шебері кездесуге қатысқан студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық киносының қазіргі жағдайы туралы өз пікірін білдірді, киноиндустриядағы алғашқы қадамдарын есіне алды.