С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академик С.Бейсембаев атындағы кітапханасында Әлемдік кітапхана циклының аясында «Жақсы роман жазу мен үшін үлкен құрмет» атты танымал белорус ақыны Иван Шамякинды еске алу кеші өтті.

Иван Шамякин – Ұлы Отан соғысы тақырыбы бойынша жазған белгілі белорус прозашысы. Жазушы романдары белорус тілінде ғана емес, әлемдегі өзге тілдерге де аударылып жарияланды.

Аталмыш іс-шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан ашылған «Шабыт» кітап әуесқойлар клубының мүшелері қатысқан. «Шабыт» клубының мүшелігіне проза және поэзия жанрларындағы шығармаларды сүйіп оқитын ПМУ-дың оқытушылары және студенттері кіреді. Клубтың ұраны: «Әлемді кітап арқылы танимыз».

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Академик С.Бейсембаев атындағы кітапханасының Көркем әдебиет секторының маманы, «Шабыт» кітап әуесқойлар клубының жетекшісі Елена Лиханованың айтуы бойынша, осындай шаралар жастарды әдебиетке бір табан жақын етеді.