С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік командасы «Филология (орыс филологиясы)» мамандығы бойынша өткізілген V Республикалық пәндік олимпиадада II орын алған.

«Филология (орыс филологиясы)» мамандығы бойынша өткен V Республикалық пәндік олимпиада Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университетінің негізінде ұйымдастырылған.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттік команда құрамына университеттің Орыс филологиясы кафедрасының белсенді студенттері, оқу озаттары Габдрафикова Закия (Фил-302 тобы), Гостищева Татьяна (Фил-402 тобы), Синцова Марина (Фил-402 тобы) кірді.

Жеке есеп бойынша команда мүшесі Марина Синцова II дәрежелі диплом иегері ретінде марапатқа ие болған.

Команда жетекшісі – ПМУ-дың Орыс филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ольга Попович.